Caspi Bitum мен Павлодар мұнай-химия зауыты климатқа бейімделген битум шығарады

205

Бұл шешім Үкімет тапсырмаларын орындау аясында қабылданды.

Caspi Bitum мен Павлодар мұнай-химия зауыты климатқа бейімделген битум шығарады Фото: t.me/kmgpress

1 қарашадан бастап өңірлердің климаттық жағдайына бейімделген жол битумы шығара бастайды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ақтаудағы Caspi Bitum зауыты және Павлодар мұнай-химия зауыты БНД 100/130 маркалы жол битумын өндіруді тоқтатып, өңірлердің климаттық жағдайына бейімделген маркаларды өндіруге көшеді.

Атап айтқанда, солтүстік және орталық өңірлер үшін БНД 70/100 маркалы және оңтүстік өңірлер үшін БНД 50/70 маркалы жол битумын өндіре бастайды.

Екі зауыт жол-құрылыс саласын дамытуға елеулі үлес қосып, ішкі нарықты отандық жоғары сапалы битуммен тұрақты қамтамасыз етіп келеді. Олардың жиынтық өндірістік қуаты Ақтауда – 750 мың тоннаны, ал Павлодарда шамамен 500 мың тоннаны құрайды. Жалпы, екі кәсіпорын жылына 1,2 млн тонна битум шығарып, елдің жол битумына деген қажеттілігін толық жауып отыр.

БНД – "жол құрылысына пайдаланылатын мұнай битумы" дегенді білдіреді. Марка белгісіндегі цифрлар 25°C температурада 100 г жүктеме әсерімен 5 секунд ішінде иненің битумға ену тереңдігінің рұқсат етілген диапазонын көрсетеді. Көрсеткіш миллиметрдің оннан бір бөлігімен өлшенеді.

Мысалы, цифрлар неғұрлым кіші болған сайын, битум соғұрлым қатты болады: БНД 50/70 маркасында ине 5,1–7 мм, ал БНД 100/130 маркасында 10,1–13 мм тереңдікке енеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу