Cаудада доллар бағамы көтерілді

348

Ал 13 қазандағы саудада әлемдік мұнай бағасы күрт көтерілді. 

Cаудада доллар бағамы көтерілді Фото: freepik.com
  • Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметінше, 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,13 теңгеге қымбаттап, 476,98 теңге болды.
  • Қытай юанінің орташа сараланған бағамы көтеріліп, 65,27 теңге (+0,10) болды.
  • Еуро бағамын Ұлттық банк 505,18 теңге, рубльді 4,91 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 477,1-479,3 теңге, еуро 502,5-505,5 теңге, ресей рублі 4,81-4,97 теңге аралығында саудаланып жатыр.

ICE Futures электрондық саудасында Brent маркалы мұнайдың желтоқсандағы фьючерстерінің құны 2,52%-ға өсіп, барреліне 88,17 доллар болды.

NYMEX электрондық саудасында WTI мұнайының қарашадағы фьючерстері 2,69%-ға қымбаттап, барреліне 85,14 доллар болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу