Cенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Рим Папасын Қазақстанға шақырды

201

Мәулен Әшімбаев Рим папасы XIV Лев Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сәлемін жеткізіп, оны Қазақстанға сапармен келуге ресми түрде шақырды.  

Cенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Рим Папасын Қазақстанға шақырды Фото: t.me/senate_kz

Кездесу барысында Мәулен Әшімбаев Қазақстанда бейбітшілік пен дінаралық диалогты ілгерілетуде Ватиканның тұрақты қолдауын атап өтті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Сондай-ақ, Астана бейбітшілік декларациясын: климат жөніндегі бастамалардан бастап АИ-ді дамытудың этикалық кодексін әзірлеуге дейінгі жұмыстар туралы айтты.

Понтифик Қазақстанның түрлі дін өкілдері арасындағы келісімді нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалады және Ватиканның бірлескен ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екендігін растады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу