"Цеснабанк" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы ауысты

504

Сондай-ақ, "Цеснабанк" АҚ басқарма төрағасы тағайындалды. 

"Цеснабанк" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы ауысты

Назарбаев Университетінің президенті, Назарбаев зияткерлік мектептері Қамқоршылық кеңесінің төрағасы және Назарбаев қоры қамқоршылық кеңесінің мүшесі Шигео Катсу "Цеснабанк" АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болды. Бұл туралы Назарбаев Университетінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шигео Катсу Назарбаев Университетін 2010 жылдың желтоқсан айынан бері басқарып келеді. Оған дейін, өзінің 30 жылдық еңбек тәжірибесінде Дүниежүзілік банкте түрлі қызметтерді атқарды. Атап айтқанда, Азия, Африка және Еуропа  елдерінің қаржы секторындағы реформаларға жетекшілік етті, Еуропа және Орталық Азия өңірлері бойынша түрлі лауазымдарды, сондай-ақ вице-президент лауазымында болды.

Бұдан бөлек, Бекжан Пірматов "Цеснабанк" АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды. Ол бұған дейін "First Heartland Bank" (FHB) АҚ басқарма төрағасының орынбасары болды.

Пірматов банк секторында 2004 жылдан бері еңбек етеді. Ол өз мансабын корпоративтік қарым-қатынастар басқармасында жетекші менеджер ретінде бастады. Кейін ол жергілікті және шетелдік банктерде, атап айтқанда, "Каспий Банк" АҚ, "Тұран Әлем Банк" АҚ, "HSBC Bank Kazakhstan" Еншілес банкі" АҚ, "Қазкоммерцбанк" АҚ-да корпоративтік клиенттермен жұмыс жөніндегі бөлімдерді басқарды. FHB-ға келгенге дейін Еуропалық қайта құру және даму банкінде жетекші банкир болды. Онда өнеркәсіп, коммерция, агробизнес және табиғи ресурстар салаларындағы ірі корпоративтік клиенттердің жұмысына жауап берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу