banner

Цеснабанк Центр Кредит банктің ірі көлемдегі акциясын сатып алады

952

Цеснабанк Центр Кредит банктің ірі көлемдегі акциясын сатып алады

Центр Кредит банктің шетелдік акционерлері үлесті қазақстандықтарға сататын болды. Бұл туралы банктің басқарма төрағасы Владислав Ли-дің KASE-ге жолдаған хабарламасында айтылды, деп жазады 7күн.

Хабарламада айтылғандай банктің 10,0% үлесіне ие International finance corporation өз үлесін Бақытбек Байсейітовке сатуды шешкен.

Ал банк акциясының 41,93%-на ие кореялық Kookmin Bank бұл үлесті Бақытбек Байсейітов, "Цесна банк" АҚ, "Цесна қаржы холдингі" АҚ-нан құрылған үштікке сатуға келіскен.

Хатта айтылғандай, келісімді реттеуші орган мақұлдауы керек. Бәрі сәтті аяқталған жағдайда 2017 жылдың 2 тоқсанында банк иелерінің ауысу процесі аяқталады.

"Бұдан бөлек ақпарат акцияларды сатып алу-сату туралы келісім жүзеге асқаннан кейін беріледі" делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу