Цеснабанк енді First Heartland Jýsan Bank деп аталады

1245

Jýsan Bank атауымен және белгісімен жаңа банктік өнімдер және басқа да құралдар енгізілетін болады. 

Цеснабанк енді First Heartland Jýsan Bank деп аталады

Бүгін "Цеснабанк" АҚ атауы "Jýsan Bank" брендімен "First Heartland Jýsan Bank" АҚ деп бекітілді, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.

Клиенттерде банк қызметіне байланысты құжаттарға қандай да бір өзгертулер енгізу, карталарды қайта шығару және шарттарға қайта қол қою сияқты мәселелер туындамайды.

Еске сала кетсек, 2019 жылдың ақпанында "Назарбаев Университеті", "Назарбаев Зияткерлік Мектептері" білім беру автономды ұйымдар тобының қаржы холдингтік компаниясының инвестициялық бөлімшесі "First Heartland Securities" АҚ "Цеснабанк" АҚ-тың 99.5% жай акцияларын сатып алған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу