"Цеснабанк" KASE-ге 698,5 миллион қарапайым акциясын орналастырмақ

899

Әзірше олардың 77,5 млн-ы орналастырылған. Ал жарияланған артықшылықты акциялардың саны 2,5 млн және олардың барлығы да орналасқан.

"Цеснабанк" KASE-ге 698,5 миллион қарапайым акциясын орналастырмақ

"Цеснабанк" 70,2 млрд теңге сомасындағы акциясын KASE-ге орналастыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.

Банктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, "Цеснабанк" АҚ директорлар кеңесінің шешімімен, банктің 39,4 млн қарапайым акциясы KASE-ге орналастырылмақ.

Бір қарапайым акцияны орналастыру бағасы – 1782 теңге. Осылайша, мәміленің жалпы сомасы 70,2 млрд теңгені құрайды.

Банк акционерлеріне құнды қағаздарды басым құқығын пайдалана отырып, сатып алу ұсынылады.

Орналастырылған жай акциялардың (банк сатып алған акцияларды есепке алмағанда) орналастырылатын акциялар санына қатынасы –  0,4810744811.

Банктің директорлар кеңесі бұл шешімді 2019 жылғы 4 ақпанда пруденциалдық нормативтерді орындау мақсатында қабылдаған-ды.

Банк жариялаған қарапайым акциялар саны – 698,5 млн, әзірше олардың 77,5 млн-ы орналастырылған. Ал жарияланған артықшылықты акциялардың саны 2,5 млн және олардың барлығы да орналасқан.

Өткен апта соңында S&P Global Ratings "Цеснабанктың" ұзақ және қысқа мерзімді кредиттік рейтингін B-/B-ден SD-ға (selective default -таңдамалы дефолт) дейін және банктің ұлттық шкала бойынша рейтингін шығарылған бондтардың қайта құрылымдалуына байланысты kzBB- тен SD-ға дейін төмендеткен болатын.

Өз кезегінде "Цеснабанк" бұл рейтинг нәтижелерімен келіспейтіндігін білдіріп, бұдан әрі осы агенттікпен жұмыс істеуді жалғастыратынына күмән келтірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу