ChatGPT қолданушыларға үзіліс туралы ескерту жасайды

172

OpenAI мамандармен бірлесіп ChatGPT-тің осындай жағдайлардағы жауаптарын жақсарту бағытында жұмыс істеп жатыр.  

ChatGPT қолданушыларға үзіліс туралы ескерту жасайды Фото: businesstoday.in

OpenAI компаниясы GPT-5 моделін шығаратын тұста, ChatGPT-ке психикалық немесе эмоциялық ауытқудың белгілерін жақсырақ тануға көмектесетін жаңартулар енгізетінін айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты The Guardian басылымына сілтеме жасап.

Компания алдыңғы қолданыстағы модель эмоционалдық белгілерді дұрыс тани алмағанын мойындады.

– Біз жасанды интеллект бұрынғы технологиялармен салыстырғанда әлдеқайда жеке әрі жауапты болып көрінуі мүмкін екенін, әсіресе психикалық немесе эмоциялық күйзеліс жағдайындағы осал адамдар үшін, жақсы түсініп отырмыз, – деп мәлімдеді OpenAI өкілдері.

ChatGPT-ті ынталандыру мақсатында компания ұзақ сөйлесу кезінде үзіліс жасау туралы ескертулерді енгізіп отыр.

Мұндай жағдайда ChatGPT: "Сіз біраз уақыттан бері сөйлесіп отырсыз – үзіліс жасауға қолайлы сәт болар?" – деген хабарлама көрсететін болады.

Осылайша қолданушыға диалогты жалғастыру немесе аяқтау ұсынылады. OpenAI мұндай ескертулердің уақыты мен форматын болашақта да жетілдіре беретінін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу