Чех кәсіпкерлері Қазақстанның туризм және тау-кен секторларына қызығушылық танытты

1018

Чех кәсіпкерлері Қазақстанның туризм және тау-кен секторларына қызығушылық танытты

Чехия кәсіпкерлері еліміздің туризм және тау-кен секторына қызығушылық танытып отыр. Бұл туралы Қазақстанның сыртқы сауда палатасының басқарма төрағасы Аян Еренов мәлім етті, деп хабарлайды LS.

Оның мәліметі бойынша, 2016  жылы Қазақстан мен Чех республикасы арасындағы сауда айналымы 170 млн долларды құрапты.

"Чехиялық делегацияның сапарын көптен күттік. Бірлескен бірнеше кәсіпорын құру жөнінде уағдаласамыз деген ойдамыз.  Чех кәсіпкерлерін негізінен туризм, тау-кен секторы және қайта өңдеу саласы қызықтырады", – деп түсіндірді Еренов.

Еренов атап өткендей, инвесторлар қазірдің өзінде Қазақстанмен ынтымақтасуға әзір екендіктерін білдірген және  болашағынан үміт күтуге болатын салаларды да байқап үлгеріпті. Аап айтқанда, ол инвесторлардан инжиниринг және ауыл шаруашылығы салаларында ұсыныстар күтіп отыр.

Айта кетейік, бүгінде еліміз Чехияға мұнайгаз секторы және химия өнеркәсібі өнімдері – сары фосфор және метал экспорттайды. Сондай-ақ Чехияға газдың 80%-ы және мұнайдың шамамен 70%-ы ЕАЭО елдерінен жеткізіледі.

Сонымен қатар Қазақстан Чехиядан қондырғы, құрастырушы материалдар, тазалағыш құрылғылар, электрлі техника құралдары, дәрі-дәрмек, жиһаз, шыны, қыш және т.б. жеткізеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу