Чехияда шағын ұшақ апатқа ұшырап, салдарынан ұшқыш көз жұмды, деп жазады ТАСС
Novinky жаңалықтар порталының мәліметінше, оқиға елдің орталық бөлігіндегі Бенешов қаласының маңында, Вранов ауылының жанында болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, қолайсыз ауа райына байланысты ұшқыш әуе кемесін басқара алмай қалған.
Апаттың нақты себебін сарапшылар мен полиция өкілдерінен құралған комиссия анықтайды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу