Чехиядан Қарағандыға өнеркәсіптік жабдықтар тасымалдау ұсынылды

696

Чех Республикасының елшісі Рудольф Гикл бастаған чех өнеркәсіпшілер делегациясы Қарағанды өңірінде болып қайтты. 

Чехиядан Қарағандыға өнеркәсіптік жабдықтар тасымалдау ұсынылды

Аймақтық кәсіпкерлер палатасында В2В форматында кездесу өтті. Чех кәсіпкерлері өз компаниялары туралы ақпарат беретін тұсаукесерлер жасап, екі ел арасында серіктестік орнату мүмкіндіктерін талқылады. 

"Біз Қазақстанмен, оның ішінде Қарағанды облысымен жұмыс істейтін чех компаниялары өкілдерімен бірге келіп отырмыз. Қазақстан біздің стратегиялық серіктесіміз. Өткен жылы сіздердің елдеріңізбен тауар айналым көлемі 1 млрд АҚШ долларына дейін жеткен болатын. 2019 жылдың І тоқсанында тағы 25% өсім болғанын байқап отырмыз", – деді Қазақстандағы Чех Республикасының төтенше және өкілетті елшісі Рудольф Гикл.

Ол Чех елінен Қазақстанға электр техникасы, өнеркәсіп жабдықтары, көлік техникасы жеткізілетінін атап өтті. Ал Қарағанды облысымен тау-кен байыту және ауылшаруашылық салаларында ынтымақтасқан табысты болмақ екен. 

Қарағандылық шахталарда қазір Чехияда өндірілген жабдықтар да қолданылады. Жергілікті фермерлер бұл елден ірі қара алып келген болатын. 

Чех компаниялары сауда қарым-қатынастарты дамытуға мүдделі екендерін жеткізді. Өз кезегінде, қарағандылықтар шетелдік бизнесмендерге машина құрастыру, тау-кен – металлургиялық кешен, азық-түлік өнеркәсібінде және басқа да салалардағы тауашалы жобаларды ұсынды. 

Қарағанды облысында Чехиядан келген серіктестермен бірлескен 7 компания жұмыс істейді. Олар көтерме және бөлшек сауда, электр қуатымен жабдықтау, қаржылық және сақтандыру қызметі мен басқа да салаларда әрекет етеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу