Чехиялық PPF Group Ресейдегі активтерін сатып жатыр

680

Чехиялық PPF Group компаниясы Ресейдегі банк активтерін сатуға кірісті, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы "Интерфакс" ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Чехиялық PPF Group Ресейдегі активтерін сатып жатыр

"PPF Group және Home Credit "РТС"-тің бұрынғы басшысы Иван Тирышкин бастаған ресейлік жеке инвесторлар тобына Ресейдегі банк активтері мен еншілес компанияларын сату туралы келісім жасады", – деп жазылған чехиялық компания таратқан хабарламада.

Мәмілеге сәйкес қазақстандық Home Credit банк (ресейлік ХКФ банкінің "еншілес" ұйымы) акционерлерге PPF және Home Credit-тің кейбір топ-менеджерлеріне сатылады.

"Мәміле Ресей мен Қазақстандағы Home Credit қызметкерлері мен клиенттері және бизнестің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін реттелген және құрылымдалған түрде жүргізіледі", – деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу