Черногория Президенті Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде болды

297

Мәртебелі меймандарға Ұлттық музей экспозициялары көрсетілді. 

Черногория Президенті Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде болды Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Қазақстанға ресми сапары аясында Черногория Президенті Яков Милатович жұбайы Милена Милатовичпен бірге Қазақстан Республикасының Ұлттық музейін аралады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Экскурсия барысында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қонақтарға музейді таныстырды.

Олардың қатарында түркі халықтарының материалдық және рухани мұрасын танытатын Ұлы дала тас мүсіндері залы, бірегей археологиялық жәдігерлер сақталған Алтын залы және Есік қорғанынан табылған әлемге әйгілі "Алтын адам" экспозициясы бар.

Сондай-ақ қонақтарға ежелгі көшпелілердің дүниетанымы мен жерлеу дәстүрлерінен сыр шертетін көрнекті жерлеу кешендерінің реконструкциялары таныстырылды. Солардың бірі – салтанатты әбзелдермен безендірілген жылқыларымен ерекшеленетін Берел қорғаны.

Экскурсия соңында Яков Милатович музейдің Құрметті қонақтар кітабына естелік жазба қалдырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу