Чили экономикасын ынталандыра бастады

917

Реттеуші банк пайыздық мөлшерлемені 2%-ға төмендетті.

Чили экономикасын ынталандыра бастады

Чилидің Орталық банкі соңғы 9 жылда алғаш рет базалық пайыздық мөлшерлемені төмендетті. Осылайша жергілікті билік ел экономикасын ынталандыруға көшті.

Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, мұндай қысқарту тағы да жасалуы мүмкін. Өйткені қазір Чилиде ішкі сұраныс азайып, нарық сауда соғысының зардабын тартып отыр.

Ресми дерекке сүйенсек, реттеуші банк пайыздық мөлшерлемені 50 базистік пунктке қысқартып,  2%-ға дейін төмендеткен.

"Экономика өнімділігінің екінші тоқсандағы көрсеткіші көңіл көншітпеді, сондықтан осындай шара қабылдауға мәжбүрміз. Мөлшерлеме тағы да қысқартылуы мүмкін",  –делінген Орталық банктің ресми сайтында.

Айта кететін жайт, Чили экономикасының бәсеңдеуіне кәсіпкерлер мен тұтынушылар сенімділігі деңгейінің кемуі және мыс бағасының құлдыруы әсер етуде. Өйткені бұл металл елдің экспортталатын негізгі тауарларының бірі.

Маусым айында билік пайыздық мөлшерлемені 50 базистік пунктке төмендетіп, шілде айында өзгеріссіз қалдырды. Олар осы уақытқа дейін басқа елдердің банктері осы жағдайда қандай қадам жасайтынын бақылап келген.

Бірқатар сарапшының болжамынша, 2020 жылдың наурыз айына дейін мөлшерлеме 1,75%-ға дейін төмендетілуі мүмкін.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу