Чунцин – Будапешт бағыты бойынша тұрақты жүк тасымалы басталды

190

Пойыз Қазақстан аумағы арқылы өтеді.  

Чунцин – Будапешт бағыты бойынша тұрақты жүк тасымалы басталды Фото: "Синьхуа" агенттігі

Қытайдың оңтүстік-батысындағы Чунцин қаласынан Венгрия астанасы Будапештке арналған алғашқы контейнер пойызы 30 қарашада жолға шықты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бұл – Чунциннен Еуропаға ұйымдастырылған тұрақты жүк тасымалының жаңа бағыты. Бұған дейін Чунцин – Дуйсбург (Германия) бағыты бойынша тұрақты сервис іске қосылған болатын.

Алашанькоу – Достық шекара өткелі арқылы өткен пойыз Қазақстан, Ресей, Беларусь, Польша, Чехия және Словакияның теміржол инфрақұрылымы арқылы жүріп, шамамен 11 күн ішінде Венгрия астанасындағы Орталық және Шығыс Еуропаны қамтитын ірі көлік-логистика орталығына жетеді.

Жаңа бағыт арқылы тұрақты тасымалдың ұйымдастырылуы жүктің жолда болу уақытын бұрынғы жеткізу бағыттарымен салыстырғанда шамамен 30 пайызға қысқартуға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта Қытай – Еуропа арасындағы тұрақты жүк тасымалы сервисі Еуропаның 26 еліндегі 232 қаланы қамтиды, ал бұл қызмет іске қосылғаннан бері жөнелтілген пойыздар саны 120 мыңнан асты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу