Цифрлық белсенділік танытқандарға сыйлық беріледі

1170

Ұпайларды "Атамекен" ҰКП-ның бизнес пен үй шаруашылығының қажеттіліктерін айқындау мақсатында жасаған сауалнама-скринингін толтыру арқылы жинай аласыз. 

Цифрлық белсенділік танытқандарға сыйлық беріледі

Smart Astana мобильдік қолданбасында 200 ұпай жинау әбден мүмкін. Оларды бағалы сыйлықтарға алмастырып алуға болады.  Бұл жөнінде Нұр-Сұлтан қ. әкімінің орынбасары Малика Бектұрова өзінің телеграм каналында хабарлады, деп жазады әкімдіктің баспасөз қызметі.

"Мысал үшін, 2000 ұпай жинап, астаналық театрлардың біріне билет ала аласыз, 1800 ұпаймен - көлік картасын толтыра аласыз, 1900 ұпайға – елорданың логотипі басылған ыдыс түседі, ал фирмалық футболка – 2500 ұпай тұрады", – деп атап өтті Бектұрова.

Ұпайларды "Атамекен" ҰКП-ның бизнес пен үй шаруашылығының қажеттіліктерін айқындау мақсатында жасаған сауалнама-скринингін толтыру арқылы жинай аласыз. 

"Ол үшін Smart Astana қолданбасына кіріп, "Белсенді тұрғын" бөліміндегі "Тұрғындар мен қонақтарға сауалнама" рубрикасының сұрақтарына жауап берсеңіз болды", – делінген хабарламада.

Бірінші күннің өзінде, жарнамасыз, тек пуш-хабарлама арқылы ол сауалнаманы 320 адам толтырып үлгеріпті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу