Цифрлық коммерцияны жетілдіруге жәрдемдесетін жоба жүзеге асуда

489

Жоба аймақтық интеграцияны, тұрақтылық пен өркендеуді арттыратын сауда саясатын жүргізуге мүмкіндік бермек.  

Цифрлық коммерцияны жетілдіруге жәрдемдесетін жоба жүзеге асуда

Қазақстан Ready4Trade жобасына бенефициар бес елдің бірі. Бағдарлама Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің Еуропалық Одақпен сауда ынтымақтастығын арттыруға бағытталған.

Осы жоба аясында өткен конференция кезінде Еуропалық Одақтың Қазақстандағы елшісі Свен-Олов Карлсон аталмыш бағдарлама Орталық Азияда сәтті әрі уақытылы басталғанын айтты.

"Жоба аймақтық интеграцияны, тұрақтылық пен өркендеуді арттыратын сауда саясатын жүргізуге мүмкіндік береді. Бүкіл әлем COVID-19 індетінен кейінгі кезеңге дайындығын қамтамасыз етіп жатқан уақытта бағдарламадағы мәселелердің өзектілігі арта түсті. Бұл жоба Еуропалық Одақтың Орталық Азияға арнаған стратегиясының негізгі тірегі. "Саудаға көмек" компоненті аясында қазақстандық саясаткерлерге халықаралық реттеу талаптарының ашықтығын арттыру, саудадағы реттеуші және процедуралық кедергілерді жою, қолданыстағы трансшекаралық сауда процедураларын жеңілдету және бизнесті нығайту жөнінде қажетті реформаларды жүргізуге қолдау көрсетіледі", – деді елші.

Свен-Олов Карлсонның айтуынша, Ready4Trade бағдарламасының тағы бір бағыты – электронды коммерцияны дамыту.

"Жобаның электронды коммерция компоненті онлайн сауда кезінде шағын және орта бизнес кездестіретін кедергілерді жеңуге көмектеседі. Сонымен қатар, әйелдер басқаратын бизнесті жаңа нарықтарға шығаруға және өсуіне мүмкіндік береді. Бұл шағын және орта бизнес өкілдері үшін өнімдеріне нарықтағы сұранысты зерттеуге және ішкі, аймақтық немесе халықаралық деңгейде цифрлық коммерцияның мүмкіндіктерін табуға жәрдемдеседі", – деді ол.

Айта кетсек, Ready4Trade жобасын Еуропалық Одақ қаржыландырып, Халықаралық сауда орталығы жүзеге асырып жатыр.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу