Цифрлық майнингке лицензия енгізілуі мүмкін

1073

Үкіметі цифрлық майнингті "көлеңкелі жүйеден" шығару бойынша бірқатар нақты шараларды қарастырды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Цифрлық майнингке лицензия енгізілуі мүмкін

"Елде электр энергиясы тапшылығының өсуіне жол бермеу, сондай-ақ қызметтің аталған түрін көлеңкелі сектордан шығару мақсатында Премьер-Министр тиісті министрліктерге осы қызметті заңнамалық түрде реттеу, оның ішінде лицензиялауды енгізу қажеттігіне байланысты бірқатар нақты тапсырмалар берді", – деп жазылған Үкімет басшысы баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Қазіргі уақытта майнинг мәселелері бойынша заңнамаға қажетті түзетулер әзірленіп жатыр.

2021 жылға дейін электр энергиясын тұтыну 2%-ға артқан. Өткен жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 6%-дан асты. Мұндай елеулі өсім – көлеңкелі майнингтің салдары екені айтылып отыр.

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ел үкіметіне 2022 жылдың 1 сәуіріне дейін криптовалютаны өндіруді реттеу және дамыту бойынша шаралар кешенін әзірлеуді тапсырған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу