Цифрлық майнингтен 652 млн теңге түсті

707

2022 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша бюджетке цифрлық майнингтен 652 млн теңге түсті, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.

Цифрлық майнингтен 652 млн теңге түсті

"2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап цифрлық майнинг үшін төлемақы енгізілді. Цифрлық майнингті саласында қызметін жүзеге асыратын тұлғалар төлемақы төлеушілер болып табылады және қызметті жүзеге асыру кезінде тұтынылған электр энергиясының нақты көлемі үшін төлемақы алынады. Төлемақы сомасы тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей төлейді", – деп жазылған хабарламада. 

Еске сала кетейік, Салық кодексінде цифрлық майнинг үшін төлемақы бойынша салық есептілігін тапсыру көзделмеген. Төлемақы сомасы электр энергиясының 1 киловатт-сағаты үшін 1 теңге мөлшерінде есептеледі.

Цифрлық майнинг үшін төлемақы еліміздің 12 аумағынан түскен:
- Нұр-Сұлтан қаласы – 277,3 млн теңге;
- БҚО – 143,1 млн теңге;
- Ақтөбе облысы – 48,9 млн теңге;
- Қарағанды облысы – 45,2 млн теңге;
- Павлодар облысы – 36,9 млн теңге;
- Алматы қаласы – 36,1 млн теңге;
- Атырау облысы – 26,4 млн теңге;
- ШҚО – 24,3 млн теңге;
- Алматы облысы – 11,1 млн теңге;
- Түркістан облысы – 2,2 млн теңге;
- Жамбыл облысы – 685,1 тыстеңге;
- Қостанай облысы – 39,9 мың теңге.

Қалған аумақтардан төлемақы түспеген. Негізінен, аталған төлемақы республикалық бюджетке түседі, сәйкесінше төлемақы түскен аумақ пен майнинг фермасының орналасқан жері сәйкес келмеуі мүмкін.

Ірі төлемақы құйған компаниялар мыналар:
- "AISolutions" ЖШС-і 93,2 млн теңге сомасымен;
- "ЛЛУ АГРО-ЭНЕРДЖИ" ЖШС-нің филиалы 76,7 млн теңге сомасымен;
- "BCD Company" ЖШС-і 53,8 млнтеңге сомасымен.

Осыған дейін, бұқаралық ақпарат құралдарында электр қуатының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында майнингті жүзеге асыратын кәсіпорындардың басым бөлігі 2021 жылдың қазанынан бастап электр қуатынан ажыратылғаны туралы ақпарат тараған болатын.

"Қазіргі уақытта ҚР Парламентінде цифрлық майнинг үшін төлемақы мөлшерлемесін ұлғайтуды көздейтін заң жобасы қарастырылуды", – деді МКК-де.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу