Цифрлық нотариат: 15 мыңнан астам сенімхат онлайн берілді

360

2 маусымнан бастап "Онлайн нотариаттық кеңес беру" қосымша нотариалдық қызметі енгізілді.

Цифрлық нотариат: 15 мыңнан астам сенімхат онлайн берілді Фото: Zerkalo

Қазақстандықтарға онлайн түрде 15 мыңнан астам цифрлық сенімхат берілген. Бұл туралы Әділет министрі Азамат Есқараев Орталық комманикациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп жазады inbusiness.kz. 

Министр биылғы сәуірден бастап "Цифрлық нотариалды куәландырылған сенімхаттар" беруге мүмкіндік беретін пилоттық жоба іске қосылғанын еске салды.

"Бұл сервисті азаматтар жақсы қабылдап, онлайн түрде 15 мыңнан астам цифрлық сенімхаттар берілді. Мүлікке иелік етуге байланысты сенімхатты қоспағанда, сенімхаттардың барлық түрлері азаматтарға eGovMobile мобильді қосымшасында қолжетімді. Нәтижесінде "Цифрлық сенімхат" eGovMobile, "Цифрлық құжаттар" қызметінде қолжетімді және оған екінші деңгейлі банктер мен басқа да жеке ұйымдар қосылған", - деді ведомство басшысы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Азамат Есқараевтың сөзінше, биылғы 2 маусымнан бастап "Онлайн нотариаттық кеңес беру" қосымша нотариалдық қызметі енгізілген. 

"Енді азаматтар үйлерінен немесе кеңселерінен шықпай-ақ нотариаттық іс-әрекетке қатысты құқықтық сұрақтарына жауап ала алады. Бұл уақыт үнемдеуге және қолайлы уақытта номиналды ақыға (1 АЕК-ке) сенімді ақпарат алуға көмектеседі", - деп толықтырды спикер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу