Қазақстанда "жаңа ақша" пайда болады

193

Бұл туралы ҚР Қаржы вице-министрі Әсет Тұрысов мәлімдеді.  

Қазақстанда "жаңа ақша" пайда болады Фото: ЖИ көмегімен жасалды

Қазақстанда цифрлық теңгені енгізудің нормативтік-құқықтық базасы бекітіліп, оны әрі қарай дамыту жоспары әзірленді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Вице-министрдің айтуынша, цифрлық теңге ұлттық валютаның қолма-қол және қолма-қолсыз түрлерімен қатар жүретін үшінші нысан ретінде ресми бекітілген.

"Бүгінде ел үшін маңызды жобалардың бірі – цифрлық теңге. Бұл туралы Мемлекет басшысы да айтқан болатын. Қажетті нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету бекітілді. Ресми түрде цифрлық теңге Қазақстандағы ұлттық валютаның үшінші нысаны болып табылады", – деді Әсет Тұрысов Орталық  Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Қазіргі уақытта айналымға шамамен 339 миллиард цифрлық теңге енгізіліп, 20-дан астам пилоттық жоба жүзеге асырылған. Олардың ішінде мемлекеттік сатып алулар, инфрақұрылымдық жобалар, субсидиялау және салықтық әкімшілендіру бағыттары бар.

Сондай-ақ Ұлттық банк пен Үкімет цифрлық теңгені кезең-кезеңімен кеңейту жұмыстарын жалғастыруда. Жобаны масштабтау үшін 8 бюджеттік бағыт айқындалған.

Мамандардың пікірінше, цифрлық теңгені енгізу мемлекеттік қаржының ашықтығын арттырып, оның мақсатты әрі тиімді жұмсалуын қамтамасыз етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу