Цифрлық теңгеге арналған карталар халықаралық төлем жүйесімен серіктестікте шығарылды

Олар клиенттердің цифрлық шоттары орталық банктің цифрлық валютасымен байланыстырылған әлемдегі алғашқы карталар.

Цифрлық теңгеге арналған карталар халықаралық төлем жүйесімен серіктестікте шығарылды Фото: акчабар

Цифрлық теңгеге арналған цифрлық карталар екі халықаралық төлем жүйесі – Visa мен Mastercard және екінші деңгейлі төрт банкпен серіктестікте шығарылып жатыр. Бұл карталар – клиенттердің цифрлық шоттары орталық банктің цифрлық валютасымен байланыстырылған әлемдегі алғашқы карталар.

Бұл туралы елордада өткен брифингте Ұлттық төлем корпорациясы төрағасы Бинур Жаленов айтты. 

"Цифрлық теңге инновациялық қаржылық қызмет көрсетудің негізін құрайтын блокчейн технологиясының әлеуетін ашады, төлемдерді тиімді етеді, сонымен қатар дәстүрлі қаржы мен цифрлық активтер арасына "көпір" болады. Цифрлық теңге экожүйесі іске қосылды, енді көп ұзамай қазақстандықтар оның алғашқы өнімдерін пайдалана алады", – дейді Ұлттық төлем корпорациясы төрағасы Бинур Жаленов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу