Цифрлық теңсіздік қоғамды тапқа бөле бастады – Саясат Нұрбек

1443

ҰҚСК мүшесі балабақшаларды лицензиялауды ұсынды.

Цифрлық теңсіздік қоғамды тапқа бөле бастады – Саясат Нұрбек

Цифрлық технологияларды ауылға жеткізудің олқылықтары халық арасына жік салып жатыр. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Саясат Нұрбек Президентті осы мәселеге нараз аударуға шақырды.

"Қазір біз үшін цифрлық теңсіздік күрделі мәселе болып тұр. Түптеп келсек, қоғамда тапқа бөлінудің жаңа түрі пайда болып жатыр. Бұрын адамдар тегі мен табысына қарай әлеуметтік жікке бөлінсе, енді цифрлық сауаттылық бойынша бөліну басталды. Таңғажайып жағдай деп айтуға да болатын шығар. Тура 100 жыл бұрын, 1920 жылы елдің сауатсыздығын  жою декреті қабылданған болатын. Енді бізге жаппай цифрлық сауатсыздықты жоюдың бағдарламасын қолға алу керек", –деген сарапшы балабақшаларды лицензиялауға көшуді де ұсынды.

"Мектепке дейінгі білім беру мекемелерін лицензиялауға көшетін кез жетті деп ойлаймыз. Онсыз бұл саланы реттеу мүмкін емес. Бір жағынан бұл тәрбие ошақтарындағы білімнің сапасын көтерер еді. Сондай-ақ, Білім және ғылым министрлігіне мектепке дейінгі білім берудің толыққанды моделін енгізген жөн",–деді Ұлттық кеңес мүшесі.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу