Cиноптиктер: "Құрғақшылық болуы мүмкін"

477

Ауа райын болжаушы мамандар отандық диқандарға үндеу жасады.  

Cиноптиктер: "Құрғақшылық болуы мүмкін" Фото: khabar24.kz

"Қазгидромет" РМК көктемгі егіс жұмысына дейін топырақтағы ылғал қорының болжамын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Жалпы болжам бойынша, еліміздің солтүстігіндегі астықты өңірлер үшін қазіргі жағдай қолайлы болмақ.

"Алайда, Қазақстанның батысында, орталық және шығыс бөлігінде сәуір айында жауын-шашын тапшылығы болуы мүмкін. Бұл бастапқы кезеңде ауылшаруашылық дақылдарының өсуі мен дамуына кері әсерін тигізуі мүмкін", - делінген "Қазгидромет" РМК таратқан хабарламада.

Синоптиктердің есептеулері көрсеткендей, көктемгі дала жұмыстарына дейін Қазақстан аумағындағы егіс алқаптарының ылғалмен қамтамасыз етілуі болжанды:

  • оңтайлы деңгейден қанағаттанарлық деңгейге дейін – Абай, Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарында;
  • қанағаттанарлық – Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, Ақмола, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында;
  • оңтайлы – Жетісу және Түркістан облыстарында.

"Көктемгі дала жұмыстарының басталуына қарай топырақтағы ылғал қорының соңғы болжамы шамамен 25 сәуірде әзірленеді", - деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.

Көктемгі дала жұмысы кезіндегі ылғал қоры туралы деректер егіс алқаптарының құрылымын анықтауда, ауыл шаруашылығы дақылдарының егістерінің оңтайлы нормаларын анықтауда. Себебі, тұқым себу және тыңайту тереңдігін таңдауда маңызды рөл атқарады. Бұл түптеп келгенде жалпы өнімнің сапасы мен шығымына әсер етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу