Clean Streets мобильді қосымшасы іске қосылды

80

Қосымшаны Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы іске қосты.  

Clean Streets мобильді қосымшасы іске қосылды Фото: gov.kz

Cонымен қатар жоба Цифрландыру басқармасы және Oskemen Hub-пен бірлесіп "Codemasters Hackathon 4.0" IT-марафоны аясында әзірленген, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қосымша арқылы пайдаланушылар есірткі граффитилері, "бетбелгілер" (закладкалар), сондай-ақ ықтимал тарату орындары мен күдікті әрекеттер туралы ақпарат бере алады.

– Бұл бастама бұған дейін іске қосылған "STOP есірткі!" жобасының цифрлық жалғасы болып табылады. Қосымша тұрғындарға есірткіге қатысты құқықбұзушылықтар туралы жедел әрі қауіпсіз хабарлауға мүмкіндік береді, – делінген хабарламада.

Жүйенің негізгі ерекшелігі – құпиялылық. Азаматтар геолокацияны көрсетіп, фотоайғақтарды тіркей отырып, мәліметтерді анонимді түрде жібере алады.

Расталған ақпарат үшін "STOP есірткі!" жобасы аясында ақшалай сыйақы қарастырылған.

Жоба өңір тұрғындарын есірткі қылмысына қарсы күреске тартуға және қоғамдық қауіпсіздікті арттыруға бағытталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу