CNOOC алғаш рет Қазақстанға инвестиция құймақ

162

Астанада "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Құрманғазы Есқазиев және CNOOC компаниясының Ресей мен Орталық Азиядағы жобалар жөніндегі бас менеджері Лю Бо Бірлескен қызмет туралы және Қаржыландыру туралы келісімдерге қол қойды.  

CNOOC алғаш рет Қазақстанға инвестиция құймақ Фото: «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ баспасөз қызметі

Бұл құжаттар стратегиялық серіктестікті және Каспий теңізінің солтүстік-шығыс бөлігінің транзит аймағында орналасқан "Жылыой" жер қойнауын пайдаланудың жаңа жобасын бірлесіп іске асыру талаптарын бекітеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "ҚазМұнайГаз" компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айта кетейік, CNOOC Қазақстанға алғаш рет инвестиция құймақшы. Компания оны геологиялық барлау жобаларынан бастап отыр.

Серіктестік "Жылыой" геологиялық барлау жобасын 50/50 тепе-тең талаптармен бірлесіп іске асыруды көздейді. Бұл ретте барлау кезеңін CNOOC қаржыландыратын болады.

Жоспарланған геологиялық барлау жұмыстарының минималды бағдарламасы мыналарды қамтиды:

  • 3D сейсмикалық барлау (дала жұмыстары, 400 шаршы км деректерін өңдеу және талдау)
  • 2D 400 бойлық км тарихи деректерді қайта өңдеу
  • 2000 м тереңдікте бір тұзүсті барлау ұңғымасын бұрғылау (тәуелсіз кезең)
  • 3D сейсмикалық барлау деректерінің нәтижелеріне қарай тереңдігі 4500 м бір тұзасты барлау ұңғымасын (тәуелді кезең) бұрғылау.

АНЫҚТАМА: 

CNOOC (ChinaNational Offshore Oil Corporation) – барлау мен өндірумен айналысатын мұнай-газ саласындағы әлемдік көшбасшы компаниялардың бірі. Ол халықаралық серіктестермен белсенді ынтымақтастық орнатып, 20-дан астам елде ірі жобаларды іске асыруға атсалысады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу