CNPC-Ақтөбемұнайгаз 18 миллион теңге айыппұл төлейді

579

"CNPC-Ақтөбемұнайгаз" компаниясына кәсіпорын аумағына мұнай араласқан сұйықтық төккені және дер кезінде экологтарға хабарламағаны үшін айыппұл салынды, деп жазады inbusiness.kz.     

CNPC-Ақтөбемұнайгаз 18 миллион теңге айыппұл төлейді Фото: ortcom.kz

"Тексеру нәтижесі бойынша заң бұзушылық анықталып, ол үшін 18 миллион теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салу туралы қаулы шығарылып, осы саладағы қалпына келтіру бағдарламасына қатысты бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізілді", - деді Ақтөбе облысы бойынша экология департаменті басшысының орынбасары Талап Уснадин.

"CNPC-Ақтөбемұнайгаз" аумағында қазан айында ұңғымалардың бірінің айналасына су араласқан мұнай ағып кеткен. Ол кезде 3 мың шаршы метрден астам жер залалданған болатын. Топырақтың ластануымен қатар, атмосфераға артық мөлшерде күкіртті сутегі тараған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу