"Coca-Сola белестері": Бизнес бастауға 20 грант берілді

252

Кәсіпке бет бұрған нәзік жандардың бастамасына "Coca-Cola Белестері" бағдарламасы қолдау білдіруде.

"Coca-Сola белестері": Бизнес бастауға 20 грант берілді Фото: coca-cola.com

Жобаның биылғы маусымында конкурсқа өз жұмыстарын ұсынып, үздік шыққан 20 әйел ақшалай сертификатқа ие болды. Жеңімпаздарға өз ісін өрге домалатуға 2 мың мен 4 мың доллар арасында гранттар берілді, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Бизнеске бет бұрып, кәсіпке ынта білдірген арулар іріктеліп, Coca-Cola Белестері бағдарламасы аясында оқытылды. Жобаның әуелгі мақсаты да әйелдерге кәсіпкерліктің негізгі дағдыларына игерту еді. Оқу барысында бизнестің қыр-сырын оларға білікті мамандар үйретіп, қолдау көрсетті.

"Олар конкурсқа қатыса отырып, бизнес-жоспар құруы керек. Ашқысы келетін кәсіптің бірінші кезекте өздеріне, кейін өңірдегі қоғамдастыққа қажеттілігін дәлелдеуі маңызды. Бәсекелестікке қабілеттілігін, бастаған бизнесінің қаншалықты пайда әкелетінін ескеруі қажет", - дейді Coca-Cola-ның ОА-дағы коммуникациялар және тұрақты даму жөніндегі директоры Александра Аккирман.

Маркетинг, қаржылық сауаттылық, әлеуметтік желілер арқылы сауда жасау және психология негіздері. Осы аталғандардың барлығы бағдарлама аясында оқытылады. Бұл алған білімдері болашақ бизнес өкіліне өз қызметін тиімді ұйымдастыру және жүргізуге негіз болады.

"Жоба мен үшін өте пайдалы болды. Менің ерекше атап өтіп, алғысымды білдіргім келетін бір себеп бар. Coca-Cola Белестері осы күнге дейін маған қажет болған жаңа білімді тегін алуыма мүмкіндік берді", - деді "Coca-Cola Белестері" жобасының қатысушысы Людмила Евженкова.  

 Coca-Cola Белестерінің бастау алғанына биыл 11 жыл болды. 2012 жылдан бері бағдарлама кәсіпке зейін қойған жандардың бастамасын жемісті етуге көмектесіп келеді. Осы уақыт аралығында жоба арқылы 75 мың адам бизнес саласындағы білімін жетілдірді. Бағдарлама 137 әйелдің кәсібін қаржыландырды. "Бір өкініштісі гранттардың шектеулі болуы",  дейді ұйымдастырушылар. Бірақ соған қарамастан Coca-Cola Белестері бағдарламасынан алған білімін ұтымды қолданғандар жетерлік. Жоба түлектері өз қаржыларына 5 мыңнан аса шағын және орта бизнес ашып үлгерген. 

"Гранттардың негізгі бөлігі ауыл тұрғындарына арналған. Елдімекендерде шаруашылықпен байланысты бизнестер ғана емес түрлі сала дамып келеді. Халық тұтынатын тауарларды өндіру ісі ілгерілеуде. Тамақ өнімдерін даярлау, көптеген қызмет түрлерін ұсыну дамуда. Балаларға арналған шағын орталықтар да ашылып жатыр", - дейді "Coca-Cola Белестері" жобасының ұйымдастырушысы Елена Ожго.

Жобадан игерген білімдері нәзік жандардың кооперативтер ашуына, қолданыстан шығып қалған заттарға екінші өмір сыйлап, одан пайда табуына жол көрсетті. Көкөністер мен жемістерді өсіруге баулып, жасыл технологияларды игеруді үйретті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу