Цой дәрі-дәрмек бағасын қалай бақылауда ұстайтынын айтты

876

Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой дәріханалардағы дәрі-дәрмектің шекті бағасын бақылауда ұстау үшін қандай жұмыстар жүргізілетінін айтты.

Цой дәрі-дәрмек бағасын қалай бақылауда ұстайтынын айтты

Алдымен Алексей Цой қазіргі таңда министрлік барлық денсаулық сақтау ұйымы, оның ішінде босандыру және реанимация қызметтерін түгендеу, оларды медициналық жабдықтармен, дәрі-дәрмектермен және медициналық бұйымдармен жабдықтау шараларын жүзеге асырып жатқанын атап өтті.

Осыған байланысты ведомство жұмыс тобын құрған. Оның құрамына министрліктің аумақтық департаменттері мен әкімдіктердің өкілдері кірген.

Оның айтуынша, денсаулық сақтау министрлігі "Бөлшек және көтерме саудадағы дәрілік заттардың атауларының шекті бағасын бекіту туралы" бұйрық жобасын әзірлеген.

Бұл дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың бағасын реттеуге мүмкіндік береді. Бұл талаптың орындалуын бақылау үшін өңірлерде топтар құрылады.

Олардың құрамына келісім бойынша ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің өкілдері кіреді. Топ мүшелері өңірлердегі дәріханаларда дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың бағаларына тұрақты мониторинг жүргізеді.

"Азаматтардың жекелеген санаттарына проактивті форматта дәрілік заттарды, мамандандырылған емдік өнімдерді, медициналық мақсаттағы бұйымдарды ұсынудың мемлекеттік қызметін енгізу үшін қызмет көрсетудің стандарттары мен регламенті әзірленеді. Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, осы қызметті мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізбесіне енгізу мәселесі пысықталып жатыр. Сонымен қатар, Әділет министрлігімен бірлесіп, стандартты мемлекеттік тіркеу қамтамасыз етіледі", - деді Алексей Цой.

Сондай-ақ, денсаулық сақтау министрі e-govMobail мобильді қосымшасын іске қосу жоспарланғанын атап өтті. Осының негізінде E-govMobail  AShYK медициналық қосымшасымен біріктіріледі. 

Онда медициналық ақпарат жүйелерінен алынған азаматтардың ақпараты бойынша, яғни QR код арқылы тексеруге ұсыну үшін КВИ-ға қарсы вакцинациядан өткені туралы деректер де жинақталады.

Сонымен қатар, Цой вакцинация мәселесіне жеке тоқталды. Ол осы жылдың 1 ақпанынан бастап, қазақстандықтарға коронавирусқа қарсы екпе салына бастайтынын атап өтті.

"Осы жоспар аясында вакцинацияны ұйымдастыру және жүргізу бойынша әдістемелік ұсыныстар, сондай-ақ вакциналарды сақтау және тасымалдау ережелері әзірленді және бекітілді. Жұмыстар кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр", - деді денсаулық сақтау министрі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу