Cот шешімімен келіспеген жағдайда азаматтар Конституциялық Сотқа жүгіне ала ма?

118

Конституциялық Сот тек құқық мәселелерін шешеді.

Cот шешімімен келіспеген жағдайда азаматтар Конституциялық Сотқа жүгіне ала ма? Фото: Конституциялық Сот

Конституциялық Сот барлық жағдайда соттардың немесе басқа да мемлекеттік органдардың құзыретіне жататын өзге мәселелерді анықтаудан, зерттеуден және тексеруден тартынады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Конституциялық Сот тек құқық мәселелерін шешеді және жүгінуге негіз болған нақты мән-жайларға, лауазымды адамдар мен судьялардың әрекеттеріне және (немесе) әрекетсіздігіне баға бере алмайды", – делінген хабарламада.

Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты – бұл еліміздің бүкіл аумағында Конституцияның үстемдігін қамтамасыз ететін және конституциялық бақылауды жүзеге асыратын жоғары мемлекеттік орган.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу