Covid-19: Африкадағы науқастардың саны 330 мыңнан асты

481

8 адам қайтыс болған.

Covid-19: Африкадағы науқастардың саны 330 мыңнан асты

Африкада жаңа коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 330 мыңнан асты. Осы күнге дейін дерттен 8 мың африкалық көз жұмған. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының осы аймақтағы өкілдігі мәлім етті.

Ұйымның нақты дерегіне сүйенсек, құрлықтағы науқастардың саны 332 820-ға жеткен. Ағзасынан коронавирус инфекциясы анықталған 8733 африкалық көз жұмған.

Жұқтыру фактісі көп тіркелген елдердің көшін ОАР (111 796) мен Мысыр (58 141) бастап тұр. Ал құрбандар саны ең көп елдер мыналар: Мысыр (2365), ОАР (2205), Алжир (869). 

Еске сала кетсек, 11 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирус індетін пандемия деп жариялаған болатын. Соңғы мәлімет бойынша, әлемде ауруға шалдыққандардың саны 9,1 миллионнан асып, оның 473 мыңы қайтыс болған.

Табиғат Нұрболат

Фото: aljazeera.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу