COVID-19: БҰҰ дезинформацияға қарсы науқанды бастауда

726

14 сәуірде БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш арнайы мәлімдемесінде COVID-19 қатысты жалған ақпарат толқынын болдырмауға шақырды.  

COVID-19: БҰҰ дезинформацияға қарсы науқанды бастауда

Ол ғылыми және сенімді ақпарат арқылы қауесетке қарсы тұрудың жаңа бастамасын жариялады. Осыған байланысты Қазақстандағы БҰҰ жүйесі қоғамның назарын стигматизация мен жалған ақпаратқа қарсы күреске аудару үшін Қазақстандағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин мен танымал әнші Қалияның (Ақмаржан Көшербаева) қатысуымен ақпараттық науқан бастауда.

"Бүгін біз тағы бір қауіпті індет – жалған ақпарат эпидемиясының куәгері болып отырмыз. Ортақ іс пен парасаттылықты негізге алсақ, біз COVID-19 жеңіп, сау, әділетті және тұрақты әлем құра аламыз", - деді Антониу Гутерриш.

Арнайы ақпараттық бейнероликтер стигматизация адамдарды жікке бөліп, бұл оларды кемсітуге жол бермеу үшін науқас екенін жасыруға, тіпті медициналық көмекке жүгінуге де жол бермейтінін мәселесін көтеруде. Науқан коронавирустық инфекциямен ауыратын адамдарға қатысты терминдерді дұрыс қолдану маңыздылығын, сондай-ақ негізсіз қауесеттер мен қорқыныш тудыратын сөздерді таратуды тоқтату қажеттілігін атап көрсетеді.

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш өз сөзінде журналистердің "әлеуметтік желілердегі мақалалар мен посттарды өңдеп, жалған ақпаратпен күрестің алдыңғы қатарында" екеніне аса құрмет көрсетті. Оның айтуынша, әлеуметтік желілерге ие компаниялар COVID-19 қатысты зиянды мәлімдемелер таратуын тоқтату үшін неғұрлым батыл шешім қабылдауы керек.

БҰҰ бастамасы арқылы Интернетте тексерілген, дәлелді және ғылыми ақпараттың саны артуда. БҰҰ ғылыми фактілерге, ресми институттарға және адам құқықтарын өзара құрметтеу арқылы адамдардың бір-біріне деген сенімді арттыруға шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу