COVID-19: Нұр-Сұлтан "қызыл аймаққа" енді

936

Алексей Цой ШҚО мен Нұр-Сұлтандағы жағдайға жеке тоқталды.

COVID-19: Нұр-Сұлтан "қызыл аймаққа" енді

Жаздың аяғынан бастап Шығыс Қазақстан облысы COVID-19 көрсеткіштері бойынша бірінші орыннан түспей келеді. Министр мұның себебін өңірдегі бірнеше ерекшелікпен байланыстырып отыр.

"Шығыс Қазақстан бойынша айтсақ, өңірдің өз ерекшелігі бар. Біріншіден, онда халықты ПТР-тестен өткізу деңгейі өте жоғары. Бұл – өте маңызды дүние. Ішкі көші-қон да жоғары. Шекараларға жақындығы тағы бар. Яғни бұл өңір бойынша бірнеше фактор бар", – деген министр Нұр-Сұлтан қаласы "қызыл аймаққа" енгенін айтты.

"Нұр-Сұлтанға келер болсақ, бүгін ол "қызыл аймаққа" енді. Яғни инфекцияның репродуктивтілігі немесе R-саны 1,26-ны құрады. Бұл – алаңдауға тұрарлық фактор. Сондықтан қала деңгейінде белгілі бір шараларды күшейту туралы шешім қабылданды. Біз оны қолдаймыз. Өйткені жағдайды түзеу керек. Жағдай шетін деп айтуға келмейді, бірақ ауру өсімі жалғаспау үшін тежеу шараларын қабылдау керек болды", – деді министр.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу