COVID-19: ШҚО мен солтүстік өңірлерде тіркелу жағдайы тағы да жоғары болды

468

Қазақстандағы коронавирус бойынша 22 қараша 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай.

COVID-19: ШҚО мен солтүстік өңірлерде тіркелу жағдайы тағы да жоғары болды

Қазақстанда өткен тәулікте 716 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды, деп хабарлайды шұғыл штаб.

188 адамнан COVID-19 анықталған ШҚО соңғы кездері өңірлер арасында жұқтыру жағдайы ең көп тіркеліп жатқан облыс болып отыр.

Солтүстік өңірлерде де көрсеткіш көңіл көншітпейді. Павлодар облысында 98 адамнан, Солтүстік Қазақстан облысында 96 адамнан вирус анықталған.

Үш мегаполис: Нұр-Сұлтан қаласында – 40, Алматы қаласында – 42, Шымкент қаласында 2 адам тіркелген.  

Ақмола облысында 61 адамның індет жұқтырғаны белгілі болса, Ақтөбе облысында – 8, Алматы облысында – 12, Атырау облысында – 15, Жамбыл облысында – 10, Батыс Қазақстан облысында – 42, Қарағанды облысында – 20, Қостанай облысында – 77, Қызылорда облысында – 1, Маңғыстау облысында – 2, Түркістан облысында 2  адам жұқтырғаны анықталып отыр.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 126182.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу