Cыр өңірінде 70 автобус қалалық бағыттарға қосылды

347

Жаңа автобустардың келуін "2ГИС" және "Яндекс GO" ұялы қосымшалары арқылы бақылауға мүмкіндік бар.  

Cыр өңірінде 70 автобус қалалық бағыттарға қосылды Фото: gov.kz

Тұрғындардың өтініш-тілегі ескеріліп, тағы 70 автобус қалаішілік бағыттарға қосылды, деп жазады inbusiness.kz.


"Соңғы екі жылда мектеп оқушыларына 30 автобус, денсаулық сақтау саласына 70 жедел жәрдем, орманшыларға 470 техника, құқық қорғау органдарына 92, ветеринарларға 30 қызметтік автокөлік, электр тарату торабына 16 автокөлік алынды. "Үлгілі елді мекен" облыстық конкурсының жеңімпаздарына күнделікті ел тұрмысына ең қажетті деген заманауи үлгідегі 29 арнайы техника берілді.
Облыс орталығындағы жолаушылар тасымалдау қызметін жақсарту мақсатында соңғы екі жылда 200 жаңа автобус алдық. 2022 жылы 150 жаңа автобус сатып алынса, өткен жылы тағы 50 үлкен сыйымдылықтағы көлік қалалық және қала маңындағы бағыттарға қосылды. Осы жылы 100 жаңа автобустың ел игілігіне берілуі жоспарланса, соның 70-і бүгін табысталуда. Осылайша облыс орталығындағы қоғамдық көлік мәселесін түбегейлі шешеміз, – деді облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев.

Қазір Қызылорда қаласында 975 млн. теңгеге заманауи үлгідегі автовокзал салынып жатыр. Биыл қалада Жаппасбай батыр көшесі 4 жолақты болып кеңейтіліп, Яссауи көшесі қайта жаңғыртылады. Жанқожа батыр көшесінен теміржол асты көпірі салынады. Бұл жобаларға республикалық және облыстық бюджеттен 11 млрд теңгеге жуық қаржы қарастырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу