Дағдарысты еңсеру: Ұлттық қордан трансферт 1,8 трлн теңгеге ұлғайтылады

1095

Қаржы толықтай коронавируспен күресіп, әлеуметтік төлемдерді жүргізуге жұмсалады. 

Дағдарысты еңсеру: Ұлттық қордан трансферт 1,8 трлн теңгеге ұлғайтылады

Үкімет Үлттық қордан тағы да ақша алуды ұйғарды. Бұл жолғы трансферт 1,8 трлн теңгеге ұлғайтылмақ, деп хабарлайды Atameken Business.

Қаржы толықтай коронавируспен күресіп, әлеуметтік төлемдерді жүргізуге жұмсалады. Жалпы дағдарысты енсеру үшін 4 трлн теңге қажет деген есеп шығарылған. Оның 2,1 трлн теңгесі республикалық бюджеттен алынса, 1 трлн 852 млрд теңге жоғарыда айтылғандай Ұлттық қордан бөлінуге тиіс. Қалған 100 млрд теңге инфрақұрлымдық бағытта сақталған облигациялар ақысы.

Бұған дейін желтоқсанда бекітілген 2020-2022 жылдарғы бюджетте шығыстар 13 тлрн теңге болады деп жоспарланған. Оның 2,7 трлн теңгесі Ұлттық қордан алынатын қаражат. Бірақ соңғы жағдайларға байланысты трансферт көлемін ұлғайтуға шешім шығарылып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу