Дағыстанда су тасқыны 6 адамның өмірін қиды

Табиғи апаттан 200-ден аса адам құтқарылған.   

Дағыстанда су тасқыны 6 адамның өмірін қиды Фото: sapa.media

Ал зардап шеккендердің жалпы саны 6 мың тұрғыннан көп, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы Александр Куренковтың сөзінше, республикада аймақтық төтенше жағдай жарияланған. Десе де, ол жақын арада федералды деңгейге көтерілмек. 

– Үкіметтік комиссия жақын арада төтенше жағдайды жаңарту туралы шешім қабылдайды, – деді ол. 

ТАСС агенттігі 2026 жылдың 4-5 сәуірі аралығында аймаққа екінші циклон соққы бергенін хабардар етті. 

– Жағдай "Геджух" су қоймасы бөгетінің бұзылуымен ушығып кетті. Бұл Мамедкала ауылындағы жеке үйлердің су астында қалуына және федералды "Кавказ" тас жолындағы көлік қозғалысының шектелуіне әкелді. Сонымен қатар, Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері 200-ден астам адамды құтқарды. Өкініштісі сол, тасқыннан 6 адам қаза тапты, – деді ТЖМ басшысы.

Бұған дейін Дағыстанда бөгет құлап, 6 ауылдың тұрғындары эвакуацияланғанын жазған едік.
"Геджух" су қоймасы бөгетінің жарылуы салдарынан қаза тапқандардың отбасыларына сақтандыру төлемдері төленеді. Оның жалпы сомасы – 3 миллион рубль. 

Айта кетейік, Дағыстанда нөсер жауын қатты жауып, ол су тасқынына себеп болған еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу