Дағыстанға 50 палестиналық босқын барды

628

Олар уақытша орналастыру орындарына жеткізілді.  

Дағыстанға 50 палестиналық босқын барды

Қақтығыс салдарынан бас сауғадап қашқан 50 палестиналық босқын Дағыстанға барды, деп хабарлайды inbusiness.kz жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.

Аймақ басшысы Сергей Меликов олардың уақытша орналастыру орындарына жеткізілгенін мәлім етті.

"Еліміз құқықтары тапталған адамдардан көмегін аямайды, оларды қорғайды, азық-түлік пен баспана береді. Енді біз Палестина халқының өкілдеріне бейімделуге көмектесеміз, оларға білім алуға және жұмыс істеуге мүмкіндік береміз", – деді Дағыстан басшысы.

Ол босқындарға қатысты барлық мәселелерді өз бақылауына алатынын айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу