Дәл қазір базалық мөлшерлемені түсірмейміз – Ерболат Досаев

531

Ұлттық банк 9%-дық базалық мөлшерлеме қазіргі ахуалға сай деген ұстанымда.  

Дәл қазір базалық мөлшерлемені түсірмейміз – Ерболат Досаев

Банк төрағасы Ерболат Досаев Парламент Сенатының кеңейтілген отырысында осындай пікір білдірді. 

"Ақша-несие саясатын өзгертіміз-ақ келеді, бірақәділетті болуымыз керек қой. 10 айдың қорытындысына қарасаңыздар, инфляция 7,1% деңгейінде. Жыл аяғына дейін 8%-дан аспайтын шығар. Сондықтан Ұлттық банктің 9%-дық мөлшерлемесі дәл қазір ахуалға сай, ақылға қонымды деп ойлаймын. Ұлттық банк мөлшерлемені жұмсартудан мүлде бас тартып отырған жоқ. 2021-2022 жылдары инфляция дәлізі 4-6% көлемінде сақталады деп отырмыз. Олай болған жағдайда қазіргі ақша-несие саясатын жұмсартуға мүмкіндік туар еді",  деді ол.       

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу