Далаға күкірт қышқылын төгіп алған кәсіпорынға айыппұл салынды

1086

 Екі рет күкірт қышқылын далаға төгіп алған компанияға қатысты тексеру аяқталды.

Далаға күкірт қышқылын төгіп алған кәсіпорынға айыппұл салынды

Алматы - Екатеринбург және Қарағанды - Алматы тас жолына күкірт қышқылының төгілуіне қатысты Экология департаментінің тексеруі аяқталды.  

Еске сала кетсек, 26 желтоқсанда Алматы - Екатеринбург тас жолының 912 шақырымынында "Maz" жүк көлігі аударылып, көліктегі 20 тонна күкірт қышқылының 8 тоннасы төгілген еді. Тғаы бір осындай оқиға 14 желтоқсанда Қарағанды – Алматы тас жолында орын алған болатын. Ол кезде 15 тонна күкірт қышқылы төгілді. Екі көлік те "Sary - Arka Copper Processing" ЖШС-ға тиесілі болған. 

Қарағанды облысының Экология департаменті компанияға жоспардан тыс тексеру жүргізген.

"Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органдарға ҚР Экологиялық кодексінің 199 бабының 10 - тармағына сәйкес, анықталған сәттен бастап екі сағат ішінде қоршаған ортаға ластаушы заттардың төгілуі туралы хабарламағаны үшін"  "Sary- Arka Copper Processing" ЖШС-ға қатысты ҚР әкімшіліктік құқық бұзушылық туралы кодекстің 327-бабы бойынша 34 725 теңге көлемінде айыппұл салынды" , – деп мәлімдеді Қарағанды облысының Экология департаменті. 

Бұдан өзге компания Қарағанды - Алматы тас жолына күкірт қышқылының төгілуіне байланысты 578 988 теңге көлемінде келген залалды өтейді. Сонымен қатар, Алматы – Екатеринбург тас жолында күкірт қышқылы төгілгенінен келген 272 122 теңге көлеміндегі шығынды да төлеуге міндеттелді.

Арайлым Еркебаева 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу