Damumed қызметіне қатысты заң бұзушылықтар анықталды

161

Қазіргі уақытта "Даму" ақпараттық технологиялар орталығы" ЖШС айыппұлды толық көлемде өтеді.

Damumed қызметіне қатысты заң бұзушылықтар анықталды Фото: bizmedia.kz

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті "Даму" ақпараттық технологиялар орталығы" ЖШС-не қатысты тергеп-тексеруді аяқтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жүргізілген тергеп-тексеру нәтижесінде "DAMUMED" кешенді медициналық ақпараттық жүйесіне қолжетімділік көрсету және оны техникалық сүйемелдеу қызметтері бойынша монополиялық жоғары баға белгілеу фактісі анықталды.

Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен Серіктестікке 286 млн теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу