Дамушы елдердің қарызы рекордтық деңгейге дейін артты

819

Бірақ әлемдік қарыз көлемі 296 триллионға дейін қысқарды.

Дамушы елдердің қарызы рекордтық деңгейге дейін артты Фото: reuters.com

2021 жылдың үшінші тоқсанында дамушы елдердің жалпы қарызы рекордтық деңгейге дейін, яғни 92,6 трлн долларға дейін артты, деп хабарлайды Inbusiness.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап. 

2019 жылдың аяғынан бергі дамушы елдер қарызының 95%-дан астамы жергілікті валютадағы облигацияларға тиесілі. Алайда шетелдік инвесторлар мұндай қағаздарға қызығушылық танытып отырған жоқ.

Дамушы елдер қарызының артуына қарамастан, әлемдік қарыз көлемі 296 триллионға дейін қысқарды. Нарығы дамыған мемлекеттерде қарыз көлемі өткен тоқсанмен салыстырғанда 1,4 триллион долларға азайды. 

Қараша айында әлемдегі ең ірі экономика саналатын АҚШ мемлекеттік қарыздың шегіне байланысты тағы да дефолтқа ұшырай жаздады.Осы орайда Қаржы министрлігінің басшысы Джанет Йеллен Конгреске 15 желтоқсанға дейін мемлекеттік қарыз шегін арттыруды немесе тоқтатуды ұсынды. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу