"Дамушы нарыққа қысым" – АҚШ базалық мөлшерлемені тағы көтеруі мүмкін

964

Ресей мен Украина қақтығысы және ауқымды санкция салдары наурыздың бірінші жартысында шикізат бағасының жылдам өсуіне, сондай-ақ жаһандық деңгейде инвесторлардың тәуекелден бас тартуына әкеліп соқты. Айдың соңына таман Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер туралы жаңалықтардың фонында шикізат нарығына қысым аздап әлсіреді. Бұл – ұлттық банк төрағасының орынбасары Әсия Молдабекованың пікірі, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

"Дамушы нарыққа қысым" – АҚШ базалық мөлшерлемені тағы көтеруі мүмкін

"Қарқын алған инфляция аясында АҚШ ФРЖ-ның кезекті шешімі наурыздың маңызды оқиғаларының бірі болды. Кейінгі деректер бойынша, ақпанда бағаның өсуі 7,9% ж/ж болды. Бұл – 40 жылдағы ең жоғары көрсеткіш. Осыған байланысты 16 наурызда АҚШ ФРЖ 2018 жылдан бері алғаш рет базалық мөлшерлемені 0,25-0,5%-ға дейін 25 б.т. көтере отырып, саясатты күшейтуге кірісті. Биыл тағы алты мәрте көтеріледі деген болжам бар. Осылайша, мөлшерлеменің жоғарғы шегі жыл соңына қарай 2% болуы ықтимал. ФРЖ монетарлық талаптарды одан әрі күшейтеді деген болжам дамушы нарықтардың валюталарына қысым көрсете отырып, доллардың жаһандық нығаюына (бір айда +1,7%) және кірістілік қисығының қысқа мерзімді сегментінің артуына (2 жылдық МБҚ бір айда 2,3%-ға дейін 90 б.т. артты) ықпал етті", – дейді Молдабекова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу