Дана Медеуова "Қазақстан балалары" депутаттық тобының жетекшісі болды

346

Бұл туралы Құрылтайдың баспасөз қызметі хабарлады.

Дана Медеуова "Қазақстан балалары" депутаттық тобының жетекшісі болды Фото: quryltai.kz

Құрылтай депутаты Дана Медеуова Орталық Азия елдерінің бала құқықтары жөніндегі уәкілдерінің "Балалар үні: ұлттық стратегиялар және қауіпсіз цифрлық орта" ІІ халықаралық форумында сөз сөйледі, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ол балаларды қорғау саласындағы мәселелерді шешуде депутаттық топ жұмыс істейтінін жариялады.

"Біздің мақсатымыз – балалардың құқықтарын қорғау, қауіпсіздігін қамтамасыз ету, денсаулығы мен тұрмыс жағдайын жақсарту мәселелерін заң шығару қызметінде басты назарда ұстау", – деді Дана Медеуова.

Бұған дейін Дана Медеуова денсаулық сақтау саласындағы мәселелерге қатысты депутаттық сауал жолдап, медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі мен құқықтарын заңмен бекітуді ұсынды.

Айтуынша, медицина маманы кәсібіне қатысы жоқ есеп-қисап пен құжат толтыруға уақыт жұмсамай, негізгі жұмысына науқасты емдеуге көбірек көңіл бөлуі керек.

Форум барысында балалардың цифрлық ортадағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, заманауи технологиялардың олардың дамуына ықпалы, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен қатар барлық баланың білім алуына тең мүмкіндік жасау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Құрылтай Төрағасының орынбасары Динара Закиеваның төрағалығымен өткен іс-шараға депутаттармен қатар Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев, Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова, БҰҰ Бас хатшысының балаларға қатысты зорлық-зомбылық мәселелері жөніндегі арнайы өкілі, доктор Наджат Маалла Мджид, Орталық Азия елдері мен Финляндияның бала құқықтары жөніндегі уәкілдері, халықаралық ұйымдар мен дипломатиялық корпус өкілдері қатысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу