Даниал Ахметов: Науқастар саны жуықта айтарлықтай азаяды

434

ШҚО әкімі орталық коммуникациялар қызметінде брифинг өткізіп жатыр. Даниал Ахметов өңірде өршіген COVID-19 індетінің беті қайтып келеді деп отыр.

Даниал Ахметов: Науқастар саны жуықта айтарлықтай азаяды

"Карантин шектеулерінің арқасында өңірдегі эпидемиологиялық ахуалдың жақсару тенденциясы байқалуда. Қараша айының басымен салыстырғанда вирустың репродуктивті өсім саны 1,85-тен 0,97-ге дейін азайды. Бүгінде респбликалық көрсеткіш –1,08. Төсек-орындарының жүктелімі 31,1 пайыздан 17,6 пайызға кеміді. Бір тәулікте ауру жұқтырғандар саны 353-ке дейін жеткен кездер болған. Қазір олардың сан 242-ге дейін қысқарды. Бірақ біз жалпы тенденцияны көріп отырмыз. Нақты талдау бар қолымызда.  Жуық арада айтарлықтай азаяды деп күтіп отырмыз", - деді ол.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу