Дания патшайымы күтпеген жерден тақтан бас тартты

383

Дания патшайымы Маргрете II күтпеген жерден тақтан бас тартатынын жаңа жылдық үндеуінде жариялады.

Дания патшайымы күтпеген жерден тақтан бас тартты Фото: Global Look Press

Тақтан ресми түрде 14 қаңтарда, патшайым болғанына 52 жыл толған сәтте босатылады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Маргрет кеткеннен кейін оның үлкен ұлы, тақ мұрагері Фредерик патша болады, делінген BBC хабарламасында.

"Мен тақты ұлыма, мұрагер ханзада Фредерикке қалдырамын", — деді ол.

83 жастағы Маргрете II — Дания тарихында тақта ең ұзақ отырған монарх, ол 1952 жылы әкесі король Фредерик IX қайтыс болғаннан кейін таққа отырды.

Британдық корольдік дәстүрден айырмашылығы — 55 жастағы тақ мұрагері Фредериктің ресми таққа отыру рәсімі болмайды. Оның орнына сол күні сарай оның таққа отырғанын жариялайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу