Данияр Ақышев: Біздің экономикаға келетін қауіп өте аз

535

Данияр Ақышев: Біздің экономикаға келетін қауіп өте аз

Ұлттық валюта бағамының соңғы кезде жиі құбылуын Ұлттық банк төрағасы түсіндірді. Ел арасында тараған қауесеттің кесірі дейді бас банкир. Сондай-ақ ол АҚШ-тың Ресейге салған санкцияларының салқыны Қазақстанға аса қатты әсер етпейді деген пікірде, деп хабарлайды ktk.kz.

Сарапшылар ұлттық валютаның долларға шаққандағы құнына түрлі болжамдар айтып жүр. Тіпті, қазан айында АҚШ-тың бір доллары 450 теңге болады делінген. Ұлттық банк басшысы бағамның құбылуына осындай негізсіз болжамдар мен қауесеттер әсер етті деп отыр. Салдарынан биржада доллар сатушылардан сатып алушылар көбейіп кеткен.

"Теңгенің бұлай құбылуына әсер ететін айтарлықтай ештеңе болған жоқ. Тек ол құнсызданады дегенді ақпарат құралдары жарыса жазып, ақырында жұрт дүрлігіп кетті. Кейін ол шынымен құбылды. Бірақ көп ұзамай тұрақталды. Қазір валюта нарығында жағдай қалыпты", - деді ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев.

Сондай-ақ, бас банкир АҚШ тың Ресейге қарсы қолданып жатқан санкциялары біздің нарыққа қаншалықты әсер етуі мүмкін екені туралы болжамын да айтты. 

"Бұл санкциялардың Қазақстан экономикасына айтарлықтай әсер етеді деп айта алмаймын. Біз бұған бейтарап баға берер едік. Әлемдік шикізат нарығында тұрақтылық бар кезде біздің экономикаға келетін қауіп өте аз", - деді  төраға.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу