Данияр Ақышев пен Жансейіт Түймебаев жаңа қызметке тағайындалды

1781

Данияр Ақышев пен Жансейіт Түймебаев жаңа қызметке тағайындалды

Жақында ғана ҚР Ұлттық банкінің басшылығынан босатылған Данияр Ақышев пен Түркістан облысының бұрынғы әкімі Жансейіт Түймебаев жаңа қызметке тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды. 

Мемлекет басшысының өкімен Данияр Талғатұлы Ақышев ҚР Президентінің кеңесшісі қызметіне, Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, ҚР Президенті әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі қызметіне тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу