Данияр Ақышев жаңа ипотекалық компанияның атауын жариялады

620

 Данияр Ақышев жаңа ипотекалық компанияның атауын жариялады

ҚР Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев жаңа ипотекалық компанияның атауын жариялады. Аталған компания "7-20-25" мемлекеттік бағдарламасымен айналысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевтің айтуынша, "7-20-25" мемлекеттік бағдарламасы мамыр айында қабылданады.

"Күні кеше Ұлттық банктің басқарма отырысында бағдарлама операторын - арнайы компанияны құру туралы шешім мақұлданды. Аталған ипотекалық компания "Баспана" деп аталады. Банктер жаңа бағдарламаны іске асыруға дайын. Тәртіп бойынша екінші деңгейлі банктер халыққа ипотекалық заемдарды береді. Ал арнайы ипотекалық компания ол несиелерді сатып алады. Сөйтіп, жылдық үстемеақы 7 процентке түседі. Барлық заемдар теңгемен беріледі", - деді Данияр Ақышев.

Оның сөзін қарағанда, жаңа бағдарламаға баспанасы жоқ азаматтар ғана қатыса алады. Бірақ әрбір адамның төлем қабілеттілігіне баса назар аударылады.

Айта кетейік, Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVІ сессиясында ҚР Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев президентке "7-20-25" бағдарламасы туралы айтып берді. Мемлекет басшысы аталған бастама аясында арзан ипотеканы алдымен жас отбасыларға беруді ұсынды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу