Данияр Елеусінов туралы фильм түсірілді (Видео)

1366

Онда спортшының кәсіби мансабы туралы баяндалған. 

Данияр Елеусінов туралы фильм түсірілді (Видео)

Британдық Matchroom Boxing промоутерлік компаниясы спорттық мансабында жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов туралы бейнесюжет жариялады, деп хабарлады Sports.kz.

Фильм спортшының кәсіби мансабына аяқ басқан кезеңінен басталады. Сонымен қатар  жекпе-жек сыртындағы сәттер мен оған дайындықтары көрсетілген.

Танымал спортшы келесі жекпе-жегін бұрынғы әлем чемпионы, намибиялық боксшы Джулиус Индонгоға қарсы өткізуі керек.

Қазіргі кезде жерлесіміз коронавирус пандемиясына байланысты АҚШ-та карантин жарияланғандықтан, Бойнтон-Бичте (Флорида штаты) қалып қойды. Соңғы мәлімет бойынша, АҚШ-та COVID-19 жұқтырған 960 896 адам тіркелген (қайтыс болғандар - 54 265, жазылып шыққандар – 118 162).

Ал Matchroom Boxing компаниясы Данияр Елеусіновтен бөлек тағы бір қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен жұмыс істейді. Бұл компанияны Эдди Хирн басқарады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу